22 мамыр 2014 | 18:18

Қазақстандық туристердің тағы бір тобы Анталияға уақытында ұша алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының халықаралық әуежайы. ©airlines-inform.ru Қостанай қаласының халықаралық әуежайы. ©airlines-inform.ru

Туристер Қостанайдан Анталияға уақытында ұша алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік агенттігінің заңгері Ирина Самойлова мәлім етті.


Иконка комментария блок соц сети

Туристер Қостанайдан Анталияға уақытында ұша алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік агенттігінің заңгері Ирина Самойлова мәлім етті.

Jet Airlines әуекомпаниясының ұшағы 22 мамыр күні таңертең Қостанайдан ұшуы тиіс болған, алайда рейс ертеңге қалдырылып, 23 мамырда таңғы сағат 6.00-де ұшатын болды. Туристік агенттік туристердің жоспарланбаған шығындарын көтеріп алды және Түркияда болуларын бір күнге ұзартты. Осыған ұқсас жағдай "Өскемен-Анталия" рейсінде де болды, Түрік билігі қазақстандық Jet Airlines әуекомпаниясы ұшақтарының Түркия аумағында ұшуына рұқсат бермей қойғандықтан рейс іркіліп қалған.

Еске сала кетейік, Өскеменде 100-ден аса турист үш тәуліктен бері Түркияға ұша алмай жүр. Самойловтың айтуынша, 22 мамыр күні 18.40-та туристер SCAT әуекомпаниясының ұшағымен Анталияға ұшуы керек болған. Қайтарда Қазақстандық демалушылары Jet Airlines әуекомпаниясының бортымен келуі керек. Қазір қазақстандық туристер туристік агенттік қаржысына жалға алынған пәтерлер мен қонақ үйлерде ұшуды күтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети