Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанға қару өткізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанға қару өткізген Видеодан алынған кадр

Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанмен шекарадан қару өткізді. Онда қаруды өзбекстандық екі азамат қабылдап алуы керек болған. Олардың бірі бұрын кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды. Бірақ заңсыз операция сәтсіз аяқталған. Шекарашылар дронды байқап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Узбекистан 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстан шекарашылары Қазақстанмен шекараға жақын жерде екі азаматты ұстады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, дрон көмегімен Макаров тапаншасы шекарадан өткізілген. Онда алты жауынгерлік патрон болды.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында қаруды Қазақстан азаматынан төрт мың АҚШ долларына сатып алынғаны анықталды.

Ұсталғандардың бірі 2012 жылы Өзбекстан ҚК-нің 97-бабы "Қасақана адам өлтіру" бойынша сотталған. 2019 жылы ҚК-нің 169-бабы "Ұрлық" бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге түзеу жұмыстары түріндегі жаза кесілген.

Қазіргі уақытта екі азаматқа қатысты Өзбекстан ҚК-нің 246-бабы "Контрабанда" бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі және бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети