23 маусым 2024 13:02

Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеп жіберген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр

БАҚ Қазақстаннан барған туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tovima басылымына сілтеме жасап.


БАҚ Қазақстаннан барған туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tovima басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтада жағалауда отшашу ата бастаған. Салдарынан қарағайлы орманда өрт басталған.

Өрт сөндіруге өртсөндірушілер мен еріктілер жұмылдырылған. Ауадан су шашатын тікұшақ та тартылған.

БАҚ мәліметінше, Гидра мэрі Гиоргос Кукудакис әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті екенін айтқан. Оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталған. Олардан Вульягмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынады.

Гидра Грекиядағы туризмнің негізгі орталықтарының бірі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети