Қазнетте белгісіз қыздің оғаш видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазнетте белгісіз қыздің оғаш видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода қыз бен жігіттің көшеде жүргенін көруге болады. Бұл ретте қыз әкесі "Қарасай ауданының басшысы" екенін айтып, айғайлайды.
"Саған қызық болып тұр ма? Қызық дейсің бе? Сен менің әкем кім екенін білесің бе? Қарасай ауданының бастығы! Аудандық ішкі істер басқармасы!" - деп айқайлайды қыз.
Қолданушылар видеодағы қыз мас болған деп болжаған.
Алматы облысының Полиция департаменті видеодағы қыздың Қарасай ауданы полиция басшылығына ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"Бұл оқиға Алматы облысы аумағында болмағанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, видеодағы қыздың сөздері шындыққа жанаспайды. Ол аудандық бөлімше бастығының қызы емес", - деп хабарлады полиция.
Алматы облысының Полиция департаменті бастығының үш кішкентай баласы бар екені, олардың үлкені небәрі 7 жаста екені айтылды.
Қарасай аудандық әкімдігі де бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
"Тексеру азаматтың Қарасай ауданы әкімдігі басшылығымен ешқандай туыстық байланысы жоқтығын растады, оның мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыда Гоголь көшесінде түсірілген. Қыз бен жігітті Алматы полицейлері жауапқа тартқан.
"Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларға ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады. Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйінде жүру және тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Мас ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!