Қазақстандықтарға WhatsApp-тағы жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға WhatsApp-тағы жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертілді Фото:Pixabay

Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйектің ортасында Семей қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам келіп, 6 маусымда WhatsApp мессенджерін пайдаланып Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Алаяқ өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдын ала төлеуді талап еткен. Жәбірленуші алаяқтың айла-амалдарына күдіктенбей, сатушының талаптарын орындап, бірден 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаражат аударды.

Екінші аударымнан кейін тауарды жеткізуге уәде берген сатушы байланысқа шығуды тоқтатты. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Семей қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан күдіктінің жеке басын анықтады. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1,2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр", - деді Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети