Қазақстанға көрші елдерден карантинге жатқызылған өнімдердің әкелінгені анықталды

30 Желтоқсан 2018, 11:11
0
Қазақстанға көрші елдерден карантинге жатқызылған өнімдердің әкелінгені анықталды -

2018 жылы желтоқсанның 15-28 аралығында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан және Қытайдан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдердің заңсыз 99 жағдайда әкелінгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде 1,8 тонна күнбағыс, 2 тонна - қара бидай, 20 тонна - бидай кебегі, 22,26 тонна рапс, 20 тонна - бидай, 69 текше метр - пиломатериал, 50 дана - жаңажылдық шырша Ресей Федерациясынан, 29,3 тонна - күнбағыс, 0,2 тонна жемістер Қытайдан, 0,2 тонна - жержаңғақ Өзбекстаннан фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны анықталды.

"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қытайға және Өзбекстанға кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай