Қазақстанға темекі өнімдері тиелген вагонды кіргізбек болғандар әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға темекі өнімдері тиелген вагонды кіргізбек болғандар әшкере болды Фото: ҚМА

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті құжаты жоқ құны 808 миллион теңге болатын темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті құжаты жоқ құны 808 миллион теңге болатын темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталған. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 миллион теңгеден асады.

"Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети