Перу тауларында Қазақстанда туып-өскен альпинист Александр Ручкин қайтыс болды. Ол Санкт-Петербургте тұрып жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі альпинист Мақсұт Жұмаевқа сілтеме жасап.
Перу тауларында Қазақстанда туып-өскен альпинист Александр Ручкин қайтыс болды. Ол Санкт-Петербургте тұрып жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі альпинист Мақсұт Жұмаевқа сілтеме жасап.
"Әр маусымда таулардан үйіне альпинистердің оралмайтынын бәрі біледі. Кеше қатты қиналдым, Саня қаза тапты. Александр Ручкин (...) Өзінің серігімен Перу тауларында. Саняның жүрегі бізбен бірге, ол Қазақстанда туып-өскен. Мен үшін ол бірінші кезекте "аға жолдас". Біз қазақстандық альпинизмнің тарихында өстік, Саня сол тарихқа өзінің таңбасын қалдырып кетті. Топырағы торқа болсын", - деп жазды Жұмаев Facebook әлеуметтік желісінде.
Александр Ручкин бастапқы кезде Пәкістанға экспедиция жасамақ болған, алайда оның жоспары өзгеріп, Перуға 6160 метр биіктікті бағындыруға кеткен. Онымен бірге ресейлік әріптесі Вячеслав Иванов болған.