Қазақстанның 3 қаласы сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 3 қаласы сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды Видео кадры

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған. 

"Жарық бар кезде 11 хабарлама түсті. Оның үшеуі электр беру құрылғыларының қирағаны туралы болды. Қазір бүкіл қала бойынша ақпарат анықталып жатыр" - дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Батырбеков.

Ескерту! Бейәдеп лексика!

Бұл - Рудныйдағы жағдай.

Сонымен қатар, Лисаковс тұрғындары да жарық пен жылудың өшкенін хабарлаған. 

Қостанайда автобус қозғалысы тоқтаған. Облыстық жолдардың көпшілігінде көріну нөлге тең. Көптеген жол-көлік оқиғалары туралы хабарланып жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети