Қазақстанның әр өңірінде бір түнде бірнеше көлік өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қазақстанның әр өңірінде бір түнде бірнеше көлікте өрт шығып, төтенше жағдай болды. Олардың кейбірі толығымен жанып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның әр өңірінде бір түнде бірнеше көлікте өрт шығып, төтенше жағдай болды. Олардың кейбірі толығымен жанып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Түнде Жезқазғанда Анаркулова көшесінің бойында автокөліктің мотор бөлігі жанды.

"Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар автокөліктің мотор бөлігіндегі отты тоқтатып, сол арқылы көлікті өрттен қорғады. Өрт қоңырау түскен сәттен бастап 16 минут ішінде жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Тағы бір көлік ШҚО Глубокое ауданында Белоусовка кентінде тұрғын үй аумағында өртенген.

"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр".

Астанада да Республика және Сейфуллина көшелерінің қиылысында тағы бір көлік өртенді. Жеңіл көліктің қозғалысы кезінде моторлы бөліктің, салондағы жанғыш бөлшектері жанды. Өртсөндірушілер шағын алаңдағы өртті тоқтатып, мүлікті сақтап қалды.

Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер оқпан беріп, жанып жатқан көлікті көбікпен сөндірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети