Қазақстанның екі облысында жоғалған шопандар аман-есен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында жоғалған шопандар аман-есен табылды Фото:depositphotos.com

Жетісу облысында мал бағуға кетіп, үйіне оралмаған ер адамды құтқарушылар аман-есен тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында мал бағуға кетіп, үйіне оралмаған ер адамды құтқарушылар аман-есен тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ТЖМ мәліметінше, 1980 жылы туған шопан Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетіне шығып, жоғалып кеткен.

"Уайымдаған туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Іздеу тобы жоғалған азаматты Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, оның жағдайы тұрақты екені хабарланды.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысының Темір ауданында жоғалған шопандар табылған. Кеңқияқ ауылынан екі адамның мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабар 112 пультіне түскен.

"Іздеу тобы азаматтарды Шұбарқұдық ауылынан 35 шақырым жердегі далада тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети