Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері өлі табылды

Еламан Жолдасов Еламан Жолдасов

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның туысы Гүлнара Пернебекованың айтуынша, оқиға 13 желтоқсанда болған. Еламан Жолдасов өз үйінің кіреберісінде өлі табылған. 

"Ол кіреберісте жатты. Біз оның қолдарының артына байланғанын естідік. Арқасы түгелдей кір, қан болды. Демек, оны жер бетінде сүйреген. Мойында жіп болды", - деді Пернебекова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өзін-өзі өлтіру нұсқасы қарастырылып жатыр екен, алайда туыстары бұған сенбейді.

Сондай-ақ, ол Жолдасовтың Египетте студенттік жылдардан бері өмір сүргенін, институтты бітіргенін айтты. Ол Қазақстан елшілігінде мәдени мәселелер жөніндегі маман болып жұмыс істеген. Оның артында екі баласы қалды, жұбайы жүктіліктің жетінші айында.

"Оның жұмысында ешқандай проблема болған жоқ. Бұл жақсы адам, ешқашан ішпеді, заңсыз ештеңемен айналыспады. Ғалым болған", - деді Пернебекова.

Қазіргі уақыттың марқұмның денесі Мысырда. Tengrinews.kz редакциясы ҚР СІМ-ге сауалхат жолдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer