Қазақстанның оңтүстігінде ер адам полицейлермен атысып, қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде ер адам полицейлермен атысып, қаза тапты Фото:depositphotos.com

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бұрынғы әйеліне барып жанжал шығарған ер адам, полицейлердің қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бұрынғы әйеліне барып жанжал шығарған ер адам, полицейлердің қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, бұрынғы күйеуі қарумен келіп, кәмелетке толмаған балалардың көзінше жанжал шығарғанын айтқан.

Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстауға әрекет жасаған, алайда ол үйден қашып шығып, көрші аулада орналасқан сарайға тығылған. Қауіпсіздік мақсатында аумақ қоршауға алынған.

Ер адам құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, атыс шығарған. Полицейлер алдымен ауаға ескерту ретінде оқ атқан, бірақ ол тоқтамаған. Салдарынан тәртіп сақшылары қызметтік қарудан оқ атып, ер адам сол жерде қаза тапқан.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеудің барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады полиция.

Оқиға орнын тексеру кезінде тіркелмеген қару, оқ-дәрілер және гильзалар тәркіленді. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети