Қазақстанның солтүстігінде тағы бір фермер оқ тиіп қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның солтүстігінде тағы бір фермер оқ тиіп қаза тапты Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында 57 жастағы шаруа қожалығының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында 57 жастағы шаруа қожалығының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 қараша таңертең Тимирязев ауданының Целинное ауылында болған. Ер адам басынан алған оқ жарақатынан қаза болған.

Бұл деректі Tengrinews.kz тілшісіне облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"13 қарашада Тимирязев ауданы Целинное ауылында өз үйінен 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид дерегі бойынша соталды тергеу басталды, оның барысында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады", – деп хабарлады СҚО ПД.

Ведомство өкілдері оқиға орнынан аңшы мылтығы тәркіленгенін нақтылады.

Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров марқұмның отбасына көңіл айтты. Оның айтуынша, ер адам шамамен 30 жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, әріптестері мен ауылдастары арасында үлкен құрметке ие болған, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларды қолдап жүрген.

Еске салайық, 31 қазанда осы Тимирязев ауданында, Докучаево ауылында тағы бір белгілі фермер оқ тиіп қаза болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети