04 тамыз 2021 | 09:35

Қазнет қолданушыларын жасөспірімдердің әрекеті ашуландырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қазнет қолданушыларын көшедегі жасөспірімдердің қылығы ашуландырды. Болжам бойынша, видеодағы қыздардың бірі есірткі қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнет қолданушыларын көшедегі жасөспірімдердің қылығы ашуландырды. Болжам бойынша, видеодағы қыздардың бірі есірткі қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірім қыз түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан олардың бірі жерде жылап, тұра алмай отырғанын көруге болады. Жанындағы басқа қыздар оның қылығын айтып, ұрысып жатыр. Олардың айтуынша, қыз меф иіскеген (тез психикалық тәуелділік тудыратын синтетикалық препарат "мефедрон" - авт.ескерт.).

"Мен бұған таңданбаймын. Өкінішке қарай, бұл елімізде үйреншікті жағдайға айналды. 16 жастағы қыздар мас күйде, көшеде жатады. Салдары өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін. Артық дозадан өлім немесе зорлау. Себебі, бұл жағдайда олар қарсылық көрсетіп, өзін ұстай алмайды. Бұл видеодан анық көрініп тұр. Ата-анасы қайда қарап отыр? Балалары не істеп жүргені бәрібір ме? Бақылау қайда?

Мен тағы да барлық полиция қызметкерін, ішкі істер министрін синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуге және нақты нәтиже көрсетуге шақырамын. Ата-ана, балаларыңызды бақылаңыз. Не істеп жүр, достары кім, есірткі қабылдағанда бала өзін қалай ұстайтынын біліп, бақылаңыз", - деп жазды басылым авторы.

Видеоға қатысты түрлі пікір жазылған. Пайдаланушылар құқық қорғау органдарына есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту қажет екенін жазған. Басқалары ата-ана баланың өмірін бақылауды күшейтуі керек деп санайды.

Назар аударыңыз, видеода дөрекі сөздер айтылған!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі бұл видеоның кейіпкерлері іздестіріліп жатқанын хабарлап отыр. Алайда, әзірге полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап үлгермеген.

"Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қыздың психикалық белсенді затты қабылдауының салдары түсірілген видео жарияланды. Өкінішке қарай, әзірге оқиғаға қатысушыларды анықтау мүмкін болмады. Полицияға және денсаулық сақтау органдарына осы факт бойынша жасөспірімдердің немесе олардың өкілдерінің өтініштері де болған жоқ", - деді ведомстводағылар.

ІІМ синтетикалық есірткілер өндірісі қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты "қазіргі әлемнің қасіретіне айналады" деп атап өтті.

Полицейлер есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салды. Сондықтан қазіргі заманғы есірткілер туралы, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы толық ақпаратты ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің YouTube-арнасынан көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети