14 қазан 2020 | 15:51

Қазнет Саин көшесіндегі алматылықтың "қауіпті" серуенін талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда Саин көшесінде ер адам жолға шығып, көліктердің өтуіне кедергі келтірді. Қазнетте оның қауіпті "серуені" қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Саин көшесінде ер адам жолға шығып, көліктердің өтуіне кедергі келтірді. Қазнетте оның қауіпті "серуені" қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик kris_p_almaty паблигінде жарияланды. Кадрдан ер адамның бір жолақтан екіншісіне асықпай жүргенін көруге болады. Жүргізушілер аяқасты тез тоқтаған соң, апат жағдай туындады. Сигналға қарамастан, роликтегі ер адам жолдан кетер емес. Бір адам оны жолдан шетке шығарайын деп еді, сәтсіз аяқталды.

"Осындай "жауапсыз" адамдарды көрген кезде бірден 102-ні шақырыңыз. Кеше Саин көшесінде оны қуып жіберді, бірақ кейін не болғанын білмеймін", - деп жазды куәгер. 

Алматының Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Әуезов ауданының Полиция басқармасы видеодағы ер адамды іздеп жатыр.

"Кадрға қарағанда ол адам мас күйде болған немесе психикалық ауытқуы бар. Нақты ақпарат кейін анықталады. Бұл жол жүру қағидасын өрескел бұзу екенін атап өту керек. Сондай-ақ жол қозғалысындағы басқа адамдарға қауіпті. Мұндай жағдайларда полицияға хабарласуға кеңес береміз", - деді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети