Қазнетте Жаңаөзенде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта көлікпен жүргені түсірілген видео таралып жатыр, - деп жазады Inaktau.kz.
Қазнетте Жаңаөзенде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта көлікпен жүргені түсірілген видео таралып жатыр, - деп жазады Inaktau.kz.
Басылымның мәліметінше, балалар видеода балағат сөздер айтады. Ролик авторлары осылайша әрекеттерімен мақтанғысы келген. Осы видеоны Желіге салған қолданушы Toyota Land Cruiser Prado көлігінің тізгінінде "үлкен ағашкалардың балалары отыр" деп жазып қойған.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
"Лада" басылымы Маңғыстау облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып, көлік тізгінінде 7-сынып оқушысы (2004 жылғы) болғанын хабарлайды.
"Баланың әкесі көлікті үйдің ауласында қалдырып кеткен. Осы уақытта ұлы көлікті рұқсатсыз алып кеткен", - дейді ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта тәртіпсіздік жасаған баланың әкесіне қатысты екі бап бойынша екі хаттама толтырылды.
Екі бап бойынша да 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 12 025 теңге көлемінде айыппұл қарастырылады.