Әлеуметтік желіде су қоймасынан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде су қоймасынан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларда көк түсті киім киген үш ер адам мен тағы бір бала қатты ағыс алып кеткен баланы құтқару үшін артынан жүгіреді. Бір кезде екі адам суға секіреді, олардың бірі баланы құтқарып қалады. Бірақ форма киген тағы бір адам судан шыға алмай қалады. Енді сол адамды құтқару үшін тағы бірі суға секіреді, алайда видеодағы екі адам да суда көзден ғайып болады.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.
"WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатқан видеоға қатысты. Қазақстан аумағында мұндай дерек тіркелген жоқ, кезекшіге қоңырау шалынбаған, форма да біздікі емес", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!