Керекудегі перзентханада жас ана баласымен бірге қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Керекудегі перзентханада жас ана баласымен бірге қайтыс болды Павлодардағы перзентханада анасы баласымен бірге қайтыс болды.

Керекудегі перзентханалардың бірінде жас ана баласымен бірге қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Минора Манапқызына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Керекудегі перзентханалардың бірінде жас ана баласымен бірге қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Минора Манапқызына сілтеме жасап. 

Керекуде босану барысында 19-жасар әйелдің қаны ұйып қалған. "Ол әйелге қан тамырының бітеліп қалуы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға барынша тырысқан, барлық іс-шаралар жүргізілген, алайда өліммен арпалысу мүмкін болмаған. Онымен қоса, бала құрсақта жатып шетінеп кеткен. Нәрестені жас ананың ішін кесу арқылы алған", - дейді М.Әубәкірова.  

Реанимациялық әрекет кезінде жүректі іске қосу үшін дефибриллятор қолданылғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы төтенше жағдайды тексеру үшін медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің мамандары келген. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері де тексерумен айналысатын болады. "Дүйсенбі күні біз Денсаулық сақтау министрлігінен мамандарды күтіп аламыз", - деді М. Манапқызы.  

Бұл ретте Керекуде қайтыс болған қыздың туыстары облыстық прокуратураға шағымданған және кінәлілерді жазалау үшін мұқият тексеру жүргізуді сұраған. "Ешкім ештемені жасырайын деп отырған жоқ, тексерудің қорытындысы қалай дайын болады, солай ана мен бала өлімінің себебі анықталатын болады", - деді М.Манапқызы.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети