25 сәуір 2024 | 14:39

"Кешіре алмаймын". Алматыдағы атышулы автобус апатына қатысты жарыссөз қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда үш адам қаза болған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөзде айыптаушы тарап пен жәбірленушілер сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үш адам қаза болған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөзде айыптаушы тарап пен жәбірленушілер сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкесі мен анасынан жазатайым жағдайда айырылып қалған Ерасыл Байдуалиев соттан осы қайғылы оқиғаға кінәлілерді жазалауды сұрады. Ол оқиғаға автобус жүргізушісі де кінәлі деп санайды.

"Бір күнде мен әкемнен де, анамнан да айырылдым. Оқиға туралы қарындасымнан естідім. Мен мұндайды тіпті жауыма да тілемеймін. Соттан әке-шешемнің өліміне кінәлілерді де, осыған қатысы бар адамдарды да әділ жазалауды сұраймын. Жазбадан не болғаны, кімнің не айтқаны, қандай интонациямен сөйлегені көрініп тұр... Бұл жағдайда екеуі де кінәлі", – дейді жәбірленуші Байдуалиев.

Жәбірленушінің айтуынша, оған тіпті ата-анасының денесін де көрсетпеген. Отбасындағы төрт бала жетім қалды.

"Соттан әділ шешім шығаруын сұраймын. Екеуі де кінәлі деп ойлаймын. Ата-анам жай жарақат алса, кешірер едім, бірақ мұны кешіре алмаймын. Ахметжановты заң аясында барынша қатаң жазалауды сұраймын. Менің ата-анам немерелерін былай қойғанда, тойымды да көрмеді... Материалдық өтемақы туралы арызымызды да қарастыруыңызды сұраймын", – деп түйіндеді сөзін Ерасыл Байдуалиев.

Айнұр Құсайынова осы қайғылы оқиғада күйеуі мен үш баласының әкесінен айырылған.

"Күйеуім қаза болды, біздің үш қызымыз қалды, олар не болғанын әлі түсінген жоқ, әкесін шығару үшін қабірді қазып беруді сұрайды. Оның көзі шығып кеткен, біз оның денесін балаларға көрсете алмадық", - деді Құсайынова.

Жәбірленушінің айтуынша, қайғылы оқиғаға кінәсі болса да, жүргізуші жауапкершілікті сезінбейді.

"Адам мысықты басып кетсе де, өзін кінәлі сезінеді. Ал сіз өзіңізді кінәлі сезінбейсіз. Келіп кешірім сұрауға болатын еді, сен де әйелсің ғой. Қайғылы оқиғадан бері 40 күн өтпесе де, сен жігітіңмен жайбарақат қыдырып жүрдің. Тергеуші бізді алдап, бізге ештеңе айтпастан жүргізушіге қатысты істі жауып тастады. Оған тек Ахметжанов кінәлі емес, екеуі де кінәлі", - деді әйел.

Сондай-ақ, зардап шеккен тараптың қорғаушысы "Думан Транс" ЖШС-нен Ермек Шөкебаеваны жұмыстан шеттетуді сұраған. Автобус апаты - осы өтініштің дәлелі.

Жүргізуші Ермек Шокебаева болса кінә толығымен сотталушыда деп есептейді.

"Бұл менің кінәм емес. Менен үнемі сотталушының телефонын не үшін алғанымды сұрайды. Мен әрқашан төлем жасауға көмектесемін, өйткені Алматыда қалай төлеуді білмейтін сырттан келушілер көп. Мен сотталушыға қатаң түрде үкім шығаруды сұраймын, өйткені оның кесірінен осындай жағдай болды", - деді Ермек Шөкебаева.

Шөкебаева мемлекеттік айыптаушының сөзін қолдап, сот заңға сәйкес шешім шығаратынына сенеді.

Сот 26 сәуір сағат 11:00-ге дейін үзіліске шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети