20 ақпан 2024 12:49

"Кез келген жағдайға дайын болыңыз". Бектенов жаңа министрге тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жаңа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жаңа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Қазгидрометтің алдын ала болжамын жариялады, оған сәйкес ақпанның аяғында және наурызда республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде орташа айлық мөлшермен жауын-шашын мол болуы мүмкін.

"Осыған байланысты 10 облыста елді мекендерді су басу қаупі бар. Тау суына байланысты Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Жетісу облысында, қардың еруіне байланысты Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы.

"Су тасқыны жағдайы күрт нашарлаған жағдайда, қандай жедел әрекет ету шараларын жасайсыз, жоспарларыңыз бар ма?" – деп сұрады премьер-министр.

Әрінов су тасқынына қарсы әрекет етуге 39 мың жеке құрам мен 11 мың техника дайын екенін айтты.

"Күштер мен құралдар тобы құрылды, барлық аумақтық бөлімшелерге толық өкілеттік берілді, артық бюрократиясыз, олар үйлестіруді қамтамасыз етеді", - деді министр.

"Жақсы, кез келген жағдайға дайын болыңыз", - деп тапсырма берді Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети