Киімін өртеді. Көкшетау вокзалындағы оқиғаға қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киімін өртеді. Көкшетау вокзалындағы оқиғаға қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді Видеодан алынған кадр

Көкшетау вокзалында болған оқиғаға қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау вокзалында болған оқиғаға қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Көкшетау вокзалында болған оқиғаның видеосын куәгерлер редакциямызға жолдады. Кадрдан жартылай жалаңаш ер адамды көруге болады, ол полицейлерге сес көрсетіп, жақындаса тамырын кесетінін айтты. Роликтің соңында ер адам ұсталды.

ҚР ІІМ ресми өкілінің хабарлауынша, оқиға 21 тамызда Көкшетау қаласындағы темір жол вокзалының холында болған.

"Бұған дейін сотталған, тұрғылықты жері жоқ ер адам мас күйде үстіндегі футболкасын өртеп, бірден сөндіріп тастады, осыдан кейін ұстарамен білегін тілгіледі. Оған медициналық көмек көрсетіліп, босатылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Сәдубаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети