Көліктегі полицейлер жыл басынан бері қоғамдық орында шылым шеккен үш мыңнан астам адамды жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, осы жылы департамент пен оның желі бөлімшелері қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336-1-бабында қарастырылған темекі шегуге тыйым салу туралы заңды бұзған 3108 адам жауапқа тартты", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, 1639 құқық бұзушы кодекстің 330-бабы - бұзақылық бойынша және 932 адам қоғамдық ортақ пайдалану орнын ластау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері елдің теміржол вокзалдары мен әуежайларындағы бекітілген ережелерді бұзуға қарсы күш салуға аса назар аударылғанын жеткізді.
Қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық, былапыт сөз айту, жеке адамдарға тиісу, тұрғын үйлерге зақым келтіру, қоғамдық орынды ластау, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау сияқты өзгелерді сыйламауды байқататын, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығына қайшы әрекеттер үшін 3-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылады.