Көкбазар маңындағы өрттің себебі анықталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкбазар маңындағы өрттің себебі анықталмады ©Владимир Прокопенко

Алматының Көкбазары маңындағы дүкендерде болған өрттің себебін анықтау мүмкін емес, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар департаментінің анықтау басқармасының бастығы Нариман Ержанов айтты. Пушкин және Мақатаев көшелерінің қиылысындағы бұл өрт 13 шілде күні болған еді.

"Өрттің себебін анықтай алмаймыз. Ағаш құрастырмалар түгел жойылды. Жалынның ошағын анықтау мүмкін емес. Ауқымды аймақ, қай жерінде өрт тұтанғанын айту қиын. Қылмыстық іс қозғалмайды, жәбірленушілер мен зардап шегушілер жоқ. Ешкім жарақат алған жоқ және ешкім шығын көргенін айтқан жоқ. Ешкім талап қойып отырған жоқ", - деді Ержанов.

Куәгерлердің айтуынша, Көкбазар маңындағы өрт шаштараздан басталған, от кейін дүкендер мен дәмханаларға ауысқан. Әсемдік салоны жұмысшыларының бірінің сөзіне қарағанда, адамдар түтіннің өткір иісін сезіп, көшеге жүгіріп шықты. Олар төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенше газ баллонын сыртқа шығарып, өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан.  

Тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталды. Шаштараз салоны, дүкен, дөнер сататын дәмхана түгел өртеніп кетті, тағы бір дәмхана ішінара зардап шекті. Ержановтың айтуынша, жалын 120 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети