Көкшетауда такси жүргізушісі өзі зорлауға әрекеттенген қызды сотқа бермекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда такси жүргізушісі өзі зорлауға әрекеттенген қызды сотқа бермекші болды © mir-auto.kz

Көкшетауда такси жүргізушісі өзі зорлауға әрекеттенген қызды сотқа бермекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда такси жүргізушісі өзі зорлауға әрекеттенген қызды сотқа бермекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық ІІБ тергеушілері 1982 жылғы жергілікті тұрғынның арызын қарап жатыр. Ол 26 жастағы азаматшаның үстінен полицияға шағым түсіріп, қыздың оның көлігіне зақым келтіргенін айтқан. Алайда бұл істі қарау барысында зардап шеккен адам такси жүргізушісі емес, керісінше қыз болып шықты.

"Тексеру барысында қыздың бұзақылықтан емес, көлік иесінің оны күштеп жыныстық қатынасқа түсіргісі келген әрекеттерінен қашып шығу үшін жасаған қимылдарынан көлікке зақым келгені анықталды. Енді Toyota Camry автокөлігінің иесі ҚР ҚК 123-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс бойынша жазаға тартылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл бап бойынша айыпты 200-ден 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети