Көкшетауда ТЖМ институтының курсанты үшінші қабаттан құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ТЖМ институтының курсанты үшінші қабаттан құлады ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық университеті. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық институтының курсанты үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық институтының курсанты үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Бірінші курс студенті 24 сәуірге қараған түні оқу корпусының үшінші қабатындағы терезеден құлаған. Институт бастығы Сырым Шәріпхановтың хабарлауынша, төтенше оқиға астаналық курсанттың күндізгі кезекшілігі кезінде болған. "Ол үш бірінші курстық және бір екінші курстықпен бірге күндізгі кезекшілік атқарды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз, қасында болған екінші курстықтың сөзіне қарағанда, ол өзі секіріп кеткенге ұқсайды", - дейді Шәріпханов.

Курсант көп жарақат алған, қазіргі кезде оған операция жасалып жатыр. "Бізге, бастысы, оның тірі қалып, алған жарақаттарының келешекте денсаулығына нұқсан келтірмегені керек", - дейді оқу орнының басшысы. Қазіргі уақытта институтта арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, ол курсанттар арасында бұрын қандай да бір жанжал болды ма, жоқ па - соны анықтайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети