Көкшетауда жоғалған жігіттің денесі өзеннен бөлшектелген күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жоғалған жігіттің денесі өзеннен бөлшектелген күйі табылды © svopi.ru

Көкшетауда жоғалған жігіттің денесі өзеннен бөлшектелген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның денесі өзенде жатқан. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жоғалған жігіттің денесі өзеннен бөлшектелген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның денесі өзенде жатқан. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук хабарлады.

ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, мәйіт әлі танылған жоқ. Еріктілердің айтуынша, табылған дене жоғалып кеткен Кулаковскийдікі болуы мүмкін.


© Николай Кулаковский

"Қылшақты өзенінен денесі бөлшектелген белгісіз ер адамның мәйіті табылды. Бірақ табылған дене 19 маусымда жоғалып кеткен Кулаковскийдікі ма, жоқ па әзірше белгісіз. Сонымен қатар, табылған денеде зорлық белгілері бар екені анықталды. Дене мәйітханаға жеткізілді, сотқа дейінгі медициналық сараптамалар тағайындалды," - деді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук. Оның айтуынша, қайтыс болған жігіттің аяғы байлаулы болған.

Еріктілердің айтуынша, дене Қылшақты өзенінен, яғни жоғалып кеткен жігіттің үйіне жақын жерден табылған. Еске салайық, Николай Кулаковский түнгі клубка кетіп, қайтып үйіне оралмаған еді. Ал жігітті іздестіру жұмыстарына полициядағылар мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети