Көкшетаулық студент университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Көкшетаулық студент университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті Видео кадры

Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің басты корпусының алтыншы қабатынан сабақ кезінде студент секіріп кетті, - деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің басты корпусының алтыншы қабатынан сабақ кезінде студент секіріп кетті, - деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

Оқиға 23 қаңтарда күндізгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ақ жейде киген жігітті басқа студенттер ұстап қалып, аудиторияға кіргізбек болады. Алайда ол қарсыласып, ақыры секіріп кетеді. 

Оқиға орнына келген полицейлер секіріп кеткен 2001 жылғы студент екенін анықтаған. Ол Ақмола облыстық жан сақтау бөліміне жеткізілді. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, алтыншы қабаттан секіріп кеткен студенттің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети