Көкшетау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында көліктердің соқтығысуынан үш адам қаза тапты және тағы екеуі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында көліктердің соқтығысуынан үш адам қаза тапты және тағы екеуі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 17 ақпанда Көкшетау - Омбы тасжолының Зеренді ауданындағы Қызылтаң ауылының маңында болған. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Mazda 626 автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Көкшетауға қарай бағыт алған. Ол көлікті басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Lada Largus автокөлігін соққан. 

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі, сондай-ақ Lada Largus көлігінде отырған 41 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойыншы сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Автотехникалық сараптама тағайындалған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама