Ақмола облысының тұрғыны полицияға тұрғындардың қаруын ақшаға айырбастау акциясы аясында екі мина алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының тұрғыны полицияға тұрғындардың қаруын ақшаға айырбастау акциясы аясында екі мина алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
42 жастағы ер адам полицияға танкіге қарсы ТМ-57 минасын және ОЗМ-72 маркалы минаны алып келді. Ер адам бұл жарылғыш заттарды қала сыртындағы ауылдардың бірінен темір-терсек жинап жүріп тапқанын айтқан. Облыс аймағында акция жүріп жатқанын естіп, минаны полицияға алып келген.
© Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері миналарды сараптамаға жіберді.
"Сараптама қорытындысы бойынша егер жарылғыш заттар жарамды деп табылса ер адам белгіленген ереже бойынша, ақшалай өтемақы алады", - деді Ақмола облыстық ІІД-нің өкілдері.
Ақмола облыстық полициясы акцияның екі күнінде 96 қару қабылдаған. Оның 88-і тегіс ұңғылы қару, ал 8-і иір ойықты мылтық, иір ойықты мылтыққа 11599 оқ дәрі. Барлығы 5 миллионнан аса теңгеге алынған. Жалпы осы акцияға 14 миллион 466 мың теңге бөлінген.