Көкшетауда 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчукке сілтеме жасап. Оның айтуынша, оқиға 1 қараша күні болған.
Көкшетауда 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчукке сілтеме жасап. Оның айтуынша, оқиға 1 қараша күні болған.
1995 жылғы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. Ол І дәрежелі күйік алған. "Мұндай әрекетке не үшін бардың деген сұраққа ол жауап беруден бас тартты", - деді баспасөз қызметінің басшысы Пинчук. Алайда оқиғаның мән-жайын отбасының өзге мүшелері баяндап берді. "Отбасы мүшелерінен түсінік алынды. Ол азаматтық некеде болған. Түсіндіру барысында жігіттің туыстары оның әйелімен жанжалдасып қалғанын айтты. 1 қараша күні ол әйелінің жұмысына барыпты, сөйтіп сол жерде жанжал шыққан. Жігіт өзін өртеуге сөз беріп, үйіне қайтыпты", - деді Пинчук.
Жігіттің әйелі қорқып, мән-жайды оның әкесіне айтып берді. Олар үйге келгенде жігіт жуынатын бөлмеде үстіне бензин құйып, жақындамауларын сұрады. Оның қолында екі оттық болған. Жігіт көшеге жүгіріп шығып, өзін өртеп жіберді, қазір облыстық ауруханада жатыр. ІІД мәліметінше, жігіттің отбасындағылардың барлығы жұмыс істейді және бұған дейін оның осыған ұқсас қылықтарын байқамаған, сондықтан олар болған жайтқа таңғалып отыр.
Еске сала кетейік, 24 қазан күні сағат 10.30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол болған жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.