15 мамыр 2021 | 14:55

Көкшетауда бір жасар қыз 7-қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Көкшетаудағы көппәтерлі үйдің 7-қабатындағы ашық терезеден бір жасар қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетаудағы көппәтерлі үйдің 7-қабатындағы ашық терезеден бір жасар қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға 14 мамырда болды. Сағат шамамен 18.55-те Көкшетау ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшерінен Абылайхан даңғылындағы үйде бір жасар бала терезеге қарап тұрып, абайсызда құлап кеткені туралы телефон хабарлама түсті.

Полицейлер ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша 2019 жылы 28 маусымда туған қыздың 7-қабаттағы ашық терезеден құлау дерегі бойынша соталды іс бастады.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға тағы да шақырады.

"Қарапайым ережелерді есте сақтау қажет: бала терезе алдына шыға алмауы үшін барлық жиһазды терезеден алысқа қою қажет. Масадан қорғайтын торға сенудің қажеті жоқ. Олар балаларды ұстамайды. Терезелерге арнайы бекіткіштер орнатып, балалармен сөйлесу керек", - деп еске салды ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысында үш бала терезеден құлап үлгерді. Екі жағдайда балалар тірі қалды, түрлі жарақат алып ауруханаға түсті. Алайда үшінші оқиға өліммен аяқталды, бір жасар бала аман қалмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети