Көкшетауда ер адам баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған Видео скрин

Көкшетауда ер адам 5 жасар қызды құтқарып, өзі мүгедек болып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам 5 жасар қызды құтқарып, өзі мүгедек болып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Николай Панюшкин осыдан 4 жыл бұрын болған оқиғаны есіне алды. Ол көлігін автотұраққа қойып жатқанда үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы көреді. Ер адам баланы құтқарғанымен денсаулығына орны толмас зиян келеді. Ал жақындары кішкентай қызды жоғалғанын байқамаған.

"Бесінші қабатқа көтерілдім. Қыздың әжесінен "Немереңіз қайда?" деп сұрадым. Ол оның үйде екенін айтты. Екеуміз балконға бардық. Онда орындық тұрғанын, терезенің ашық екенін көрдік. Мен "Немереңіз құлап кетті" дедім. Осы сәтте қыздың анасы келді", - дейді Николай Панюшкин.

Осы оқиғадан кейін кішкентай Дана қатты қорқып қалыпты. Ал Николай төсекке таңылған. Ол баланы құтқарамын деп омыртқасы ауыр жараланған. Қыздың отбасы бұл мәселеге назар аудармай, ер адамға тиіс көмек көрсетпепті.

ПИК төрайымы Рауза Көкенова оқыс оқиға болған кезде қыздың отбасы Николай Панюшкинге көмекке келмегенін айтады.

"Кешірім сұрамады, алғыс та айтқан жоқ. Қазір ол қиналып жатыр. Ол мүгедек болып қалды. Оған үш рет операция жасалды. Олар оған көмекке де келген жоқ. Олар көшіп кетті, енді мұнда тұрмайды", - дейді ол.

Бүгінде Николай Панюшкин бірнеше қымбат ота жасатуы керек. Бірақ оған ер адамның ақшасы жоқ. Алайда ол болған жағдайға еш өкінбейтінін айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети