Көкшетауда ер адам сырғанақты бұзған жасөспірімді ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам сырғанақты бұзған жасөспірімді ұрған Фото:depositphotos.com

Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзған 16 жастағы жасөспірімді ұрған. Ол ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзған 16 жастағы жасөспірімді ұрған. Ол ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал көпқабатты үйдің ауласында болған. Айғақтарға сәйкес, өзі жасаған қар сырғанағының бұзылуына наразы болған ер адам жасөспірімнің бетіне соққы берген. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция дереу болған оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті. Келтірілген зиянның ауырлығын анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция кәмелетке толмағандарға физикалық күш қолдануға жол берілмейтінін және жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети