Көкшетауда жаңбырдан кейін 20 үйді су басты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жаңбырдан кейін 20 үйді су басты Видео кадры

Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 20 тұрғын үйді су басты. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 20 тұрғын үйді су басты. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 29 шілдеде Көкшетауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60 аула аумағын жаңбыр суы басқан, оның ішінде 20-сы тұрғын үй.

"Бірден Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының нұсқауымен жедел штаб жұмылдырылды. Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінде су сорылды. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.

Жеке құрамнан 40 адам, облыстық ТЖД-дан 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 жұмысшы, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылған.

6300 текше метр су сорылды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети