08 мамыр 2018 10:03

Көкшетауда жол апатынан ер адамның басының терісі сыдырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Mercedes автокөлігімен болған жол апатының салдарынан ер адамның басының терісі сыдырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың айтуынша, жүргізуші жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмаған.

"Сағат 23.50-де Абылайхан даңғылында Мерседес автокөлігінің 1989 жылы туған жүргізушісі 1982 жылы туған жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетті. Зардап шегуші - Көкшетау тұрғыны, ол рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпекші болған. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліп, бас сүйек пен мидың жабық зақымы, бастың шаш өскен бөлігінде терінің сыдырылу жарақаты деген диагноз қойылды. Жүргізуші мас болмаған. ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі өндіріс жұмыстары басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети