Көкшетауда орта мектептің мұғалімін өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көкшетау қалалық қылмыстық процесс пен жедел-іздестіру қызметінің прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық процесстің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы Әлия Сүлейменоваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, болған оқиға жайлы қаза тапқан әйелдің бірге тұратын танысы айтып берген. "Әйелді үйінде өлтіріп кеткен. Денесінде пышақпен салынған екі жарақаты бар - мойын тұсы және бұғанасы. Қаза болған адамның №11 орта мектепте мұғалім болып істегені және ер адаммен бірге тұрып келгені анықталды. Әйелдің өлгенін және өз пәтерінде екенін бірге тұратын адамының досы хабарлаған. Телефон соққан адам досының таңғы уақытта келіп, әйелінің денесін тапқанын және оны өзі өлтірмегенін айтқан. Қазіргі уақытта ол жасырынып жүр. Көршілерінің айтуынша, жұп үйге кешкі жеті шамасында келген. Әйел адам сағат 22.00-де қаза болды", - деп хабарлады тілшілерге Сүлейменова.
Әйелдің денесі сараптамаға жіберілді, тергеу жүріп жатыр. Осыған дейін № 11 орта мектепке қатысы бар тағы бір оқиға болған. Еске салайық, 19 қарашада бір әйел осы мектепте жарылғыш заттың барын хабарлаған еді. Сол уақытта 400 адам эвакуацияланды, алайда бомба табылмады. Кейін әйелдің мас болғаны белгілі болды.