Көкшетауда әйелімен жанжалдасып, өз-өзін өртеп жіберген 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ауруханасындағылар хабарлады. Жігіттің денесінің 97 пайызы күйіп қалған. Ол 3 қараша күні сағат 15.20-да көз жұмды.

Айта кетейік, жігіттің өмір сүруге мүмкіндігінің жоқ екені бастапқыдан белгілі болды. Бас дәрігердің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, жігіт аппараттардың көмегімен тыныс алу арқылы ғана тірі жатқан. Оның айтуынша, дәрігерлер қолдарынан келген барлық шараны жасады.
Еске сала кетейік, 1 қараша күні Көкшетауда 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеді. Оқиғаның мән-жайын отбасының өзге мүшелері баяндап берді. Ол азаматтық некеде болған. Түсіндіру барысында жігіттің туыстары оның әйелімен жанжалдасып қалғанын айтты. 1 қараша күні ол әйелінің жұмысына барыпты, сөйтіп сол жерде жанжал шыққан. Жігіт өзін өртеуге сөз беріп, үйіне қайтыпты. Жігіттің әйелі қорқып, мән-жайды оның әкесіне айтып берді. Олар үйге келгенде жігіт жуынатын бөлмеде үстіне бензин құйып, жақындамауларын сұрады. Оның қолында екі оттық болған. Жігіт көшеге жүгіріп шығып, өзін өртеп жіберді.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 24 қазан күні сағат 10.30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында болды, ол кезде де 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол болған жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.