28 қараша 2014 | 17:03

Көкшетауда полиция оқытушыны ұрған студентті ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Көкшетауда оқытушыны ұрған студент ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Көкшетаудағы Жоғары техникалық мектепте болған оқиға туралы хабарланған еді. 17 жастағы студент Артем Валерин физика пәнінің 24 жастағы мұғалімі Саят Қапаровқа соққы берген.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда оқытушыны ұрған студент ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Көкшетаудағы Жоғары техникалық мектепте болған оқиға туралы хабарланған еді. 17 жастағы студент Артем Валерин физика пәнінің 24 жастағы мұғалімі Саят Қапаровқа соққы берген.

Полицейлер денеге зақым келтірді деген күдік бойынша техникалық мектептің 17 жастағы оқушысы ұсталғанын және оның мойындап түсінік бергенін хабарлады. Департамент мамандарының мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы Жоғары техникалық мектеп оқытушысының денесіне зақым келтіру дерегі бойынша "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады.

"Полицияға Ақмола облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне облыс орталығының 24 жастағы тұрғынының түрлі дене жарақаттарымен түскені туралы телефон арқылы хабар келді. Жәбірленуші Көкшетаудағы Жоғары техникалық мектепте оқытушы болып жұмыс істейді. Дерек бойынша тергеу-жедел тобы оқиға орнына барып, тексеру жүргізді, оқу орнының студенттері мен оқытушыларынан жауап алды", - делінген Ақмола облысы ІІД хабарламасында. 

Еске сала кетейік, Көкшетау Жоғары техникалық мектебіндегі оқиға екі апта бұрын болды. Жанжал сабақ аяқталғаннан кейін студенттер дәлізге жүгіріп шыққан кезде басталған. Қапаров олардың біріне ескерту жасайды, сол бойда басынан соққы алады. Куәгерлердің айтуынша, Валерин әуелі оқушыны баспалдақтан түсірген, содан кейін басын есінен танғанша қабырғаға соққан. Басқа оқушылар бұл сәтті үнсіз бақылаған. Қазір зардап шегуші комада жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети