Көкшетауда Ресей тұрғыны бір аптадан бері табылмай жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Ресей тұрғыны бір аптадан бері табылмай жатыр polisia.kz

Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалған Ресей азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалған Ресей азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz

22 мамырда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ресей азаматы 1977 жылы туған Сергей Сергеевич Бирюковты іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген. Сергей Бирюков 17 мамырда Көкшетаудағы орталық базарда болған, кейін белгісіз бағытқа кетіп қалған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Полиция мәліметінше, оның бойы 160-165 сантиметр, шашы қысқа, қара күртеше, көк түсті футболка, ақ түсті кроссовка, қара түсті қалпақ, қара түсті шалбар киген. Өзімен бірге Ресей азаматы екенін дәлелдейтін төлқұжаты, Samsung ұялы телефоны болған.

Жоғалған ер адамды іздестіруге Көкшетау қаласы Полиция басқармасының, Ақмола облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық гвардиясының 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған. Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінен 9 жедел-іздестіру тобы құрылған.

Полицейлер жоғалған ер адам болуы мүмкін жерлерді, қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, теміржол және автовокзал аумағын тексереді.

Ер адамды іздестіру жұмыстары туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған. Полицейлер Сергей Бирюковтың тұрған жері туралы ақпарат білетіндерден 8-705-112-79-29 немесе "102" телефоны бойынша хабарласуын сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети