Көкшетауда тыр жалаңаш жүрген ер адам өз қылығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетауда тыр жалаңаш жүрген ер адам өз қылығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау ІІБ-ның полицейлер облыс орталығында киімсіз жүрген ер адамды әкімшілік жжауапкершілікке тартты. Өткен бейсенбіде Көкшетау ІІБ Жедел әрекет ету басқармасының бейнебақылау камералары тыр жалаңаш жүрген адамды түсіріп алған.
"Жедел әрекет ету басқармасының қызметкерлері мен сол мезетте жақын жерде жүрген полиция жасағы жіберілді, алайда оны ұстай алмады, себебі ол белгісіз бағытта жасырынған. Соған қарамастан тұрғындар оны ұялы телефонның камерасына түсіріп алыпты. Ер адамның кім екенін анықтау үшін біраз жұмыстар жүргізілді", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер бұзақының мекен-жайын анықтап, ер адамды ұстады. "Өзінің бұл қылығын 25 жастағы жергілікті тұрғын досымен ұрысып қалғаны үшін жабырқаңқы көңіл-күйге түскендіктен бардым деп түсіндірген. Ұсталған адам психиатр-дәрігердің қарауында болмаған, ұсталған кезде сау болған", - делінген мәліметте.
Заң бұзушыны тәртіп сақшылары "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Іс сотқа жолданды.