25 сәуір 2018 | 09:52

Көкшетаулық қыз төрт адам отырған көлікте рульге жабысып, қасақана апат жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау тұрғыны төрт адам отырған көлік ішінде өзіне қол салмақ болып, жол-көлік оқиғасын қасақана жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат салдарынан 70 жастағы әйел адам зардап шеккен. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау тұрғыны төрт адам отырған көлік ішінде өзіне қол салмақ болып, жол-көлік оқиғасын қасақана жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат салдарынан 70 жастағы әйел адам зардап шеккен. 

Жол-көлік оқиғасы 20 сәуірде Астана - Петропавл автожолында тіркелген. 

"Kia Cerato көлігінің аударылғаны жайлы Бурабай ішкі істер бөліміне минимэн жүргізушісі хабарлады. Әйелдің айтуынша, алдыңғы орында отырған жолаушылардың бірі рульді өзіне қарай тартып, жібермей қойған да, салдарынан көлік аударылған. Апаттан кейін 70 жастағы әйел түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Апатты жасаған 24 жастағы қыз полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алу кезінде өзіне қол салмақ болғанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта ол ауруханада. Мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша, оның психикалық жағдайы тұрақты. 

Қылмыстық іс қозғауға немесе әкімшілік өндіріс ашу мәселесі сот-медициналық сараптама мен зардап шегішуге келтірілген зақымның деңгейіне қарай қабылданады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети