Көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті ©РИА Новости

Алматы облысында көктайғақтың салдарынан жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кезде қоғамдық көліктің ішінде 30 жолаушы болған. Бұл оқиға кеше кешкісін Алматы-Өскемен трассасының 391-шақырымында болған. "Рейс бойынша келе жатқан Mercedes автобусы көк мұздың салдарынан жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен. Онда 30 жолаушы, ішінде төрт кішкентай бала да болған. Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, төтенше жағдайға ұшыраған жолаушыларды жолай кетіп бара жатқан Setra автобусына отырғызып, Алматы қаласына жөнелтті", - делінген ведомостваның таратқан хабарламасында. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Арада екі жарым сағат өткен соң, автобус сүйретіліп шығарылды және өзінің бағытына қарай қозғалып кетті", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети