©РИА Новости
Алматы облысында көктайғақтың салдарынан жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кезде қоғамдық көліктің ішінде 30 жолаушы болған. Бұл оқиға кеше кешкісін Алматы-Өскемен трассасының 391-шақырымында болған. "Рейс бойынша келе жатқан Mercedes автобусы көк мұздың салдарынан жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен. Онда 30 жолаушы, ішінде төрт кішкентай бала да болған. Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, төтенше жағдайға ұшыраған жолаушыларды жолай кетіп бара жатқан Setra автобусына отырғызып, Алматы қаласына жөнелтті", - делінген ведомостваның таратқан хабарламасында. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Арада екі жарым сағат өткен соң, автобус сүйретіліп шығарылды және өзінің бағытына қарай қозғалып кетті", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Алматы облысында көктайғақтың салдарынан жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кезде қоғамдық көліктің ішінде 30 жолаушы болған.
Бұл оқиға кеше кешкісін Алматы-Өскемен трассасының 391-шақырымында болған. "Рейс бойынша келе жатқан Mercedes автобусы көк мұздың салдарынан жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен. Онда 30 жолаушы, ішінде төрт кішкентай бала да болған. Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, төтенше жағдайға ұшыраған жолаушыларды жолай кетіп бара жатқан Setra автобусына отырғызып, Алматы қаласына жөнелтті", - делінген ведомостваның таратқан хабарламасында.
Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Арада екі жарым сағат өткен соң, автобус сүйретіліп шығарылды және өзінің бағытына қарай қозғалып кетті", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.