30 шілде 2014 20:33

Қоқыс тасушы көлік он автомобильге ойран салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыда қоқыс тасушы көліктің қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкіліне сілтеме жасап.


"Алматыда қоқыс тасушы көліктің қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкіліне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ЖКО 30 шілде күні Астана уақытымен сағат 11-лер шамасында орын алған. ІІД-нің ақпаратына қарағанда, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытпен келе жатқан қоқыс тасушы Hyundai жүк көлігінің жүргізушісі Кудерин көшесі мен Тілендиев көшелерінің арасында рөлге ие бола алмай қалып, алдында кетіп бара жатқан көлікке соғысқан. Салдарынан тізбекпен бара жатқан он көлік зақымданған.

Апат салдарынан үш адам зардап шеккен. Қолы сынған әйел адам №7 ауруханаға жеткізілген. Оның күйеуі, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі де әртүрлі дене жарақатымен №7 ауруханаға түскен. Ал үшінші зардап шегуші, Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне қайтарылған.

ІІД-нің мәліметіне қарағанда, қоқыс тасушы көліктің жүргізушісі егде тартқан адам көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, көлікте ахау болған. Апаттың нақты себебі сараптама қортындысынан кейін белгілі болады. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалған. Істі Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы қарап жатыр" деп түсіндірген департаменттегілер.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети