“Қол-аяғы, аузы скотчпен оралған“: Таразда жантүршігерлік жайт әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қол-аяғы, аузы скотчпен оралған“: Таразда жантүршігерлік жайт әшкере болды

Желіде қызға қатысты жантүршігерлік кадрлар тарады. Онда қыздың қол-аяғы, аузы скотчпен оралғаны көрінеді. Оқиғаға полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қызға қатысты жантүршігерлік кадрлар тарады. Онда қыздың қол-аяғы, аузы скотчпен оралғаны көрінеді. Оқиғаға полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Оқиға Таразда болған. Қол-аяғы байланған қыздың фотосы Telegram-арналардың бірінде жарияланды. Оған аудиожазба қосылған.

Суретті сілтеме арқылы көруге болады.

Мән-жайы

Жағдайға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген. Оның айтуынша, суреттегі 1996 жылы туған қыз.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші кәмелет жасына толған, 1996 жылы туған, қазіргі уақытта интернатта және қауіпсіз жерде", - деді Зәкиева.

Оның сөзінше, бір жарым ай бұрын осы қамқоршыдан кәмелетке толмаған балаларға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша балалар алынған. Барлығы төрт бала.

Полиция не дейді?

Тараз Полиция департаменті мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Қинау" бойынша іс қозғалған.

"Қажетті тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицияда тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.82  course down  595.31  course up  6.59  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети