07 қыркүйек 2021 | 09:19

Көлігінен мәжбүрлеп түсірілген жүргізуші қалай жазаланғаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркістан облысында полицейлер мәжбүрлеп ұстаған жүк көтергіш көліктің жүргізушісі жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында полицейлер мәжбүрлеп ұстаған жүк көтергіш көліктің жүргізушісі жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сот шешімі бойынша, Түркістан қаласының тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Осылайша, тәртіп сақшыларының кәсіби іс-әрекеті арқасында соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін жол қозғалысы ережесін бұзу  дерегі уақтылы тоқтатылды", - делінген сайтта.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, оқиға 5 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Ерубаев көшесі бойында болғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде полицейлер жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрлеп түсіріп жатқаны түсірілген видео таралды.

Ведомство мәліметінше, түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, жол апатының алдын алған. Үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге апаттық жағдай туғызғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная