06 қыркүйек 2021 11:13

Көлігінен мәжбүрлеп түсірілген жүргізуші оқиғасы: полицейлер мән-жайды айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жүк көтергіш көлік жүргізушісі мас күйде тізгінге отырып, жол ережесін бұзды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында жүк көтергіш көлік жүргізушісі мас күйде тізгінге отырып, жол ережесін бұзды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде полицейлер жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрлеп түсіріп жатқаны түсірілген видео таралды.

Түркістандық полицейлер мәліметінше, оқиға 5 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Ерубаев көшесі бойында болған.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

Ведомство мәліметінше, түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, жол апатының алдын алған. Яғни, үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге апаттық жағдай туғызған.

"Ақпарат бойынша дер кезінде Түркістан полицейлері оқиға орнына жетті. Жол ережесін бұзған көлікті тоқтату кезінде, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген автоэкипаж көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде түсірілген", - делінген хабарламада.

Жүргізуші жергілікті тұрғын екені анықталған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылған. Олар: 595-бабы ("Маневр"), 606-бабы ("Авариялық жағдай туғызу"), 599-бабы ("Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту"), 613-бабы ("Заңды талапқа бағынбау") және мас күйде көлік басқарғаны анықталып, 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети