Көлігімен бір жасар сәбиін басып кеткен ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігімен бір жасар сәбиін басып кеткен ер адам сотталды Фото с сайта vesti.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында көлігімен бір жасар қызын басып кеткен ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ордабасы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында көлігімен бір жасар қызын басып кеткен ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ордабасы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 19 тамыз күні кешкісін болды. Төреарық ауылында жүк көлігінің жүргізушісі үйінің ауласынан шығып келе жатып, көшеде ойнап жүрген өз қызын байқамай қалған. Көліктің астына түсіп қалған сәби ауруханада қайтыс болды.

Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша іс қаралған сот отырысында жәбірленуші тарап сотталушыға ешқандай кінә артпайтынын айтып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады.

Дегенмен соттың үкімімен ер адам жол-көлік оқиғасын жасауға айыпты деп танылып, "Жол қозғалысы және көлік құралын пайдалану ережесін бұзып, абайсыздықта кісі өліміне соқтыру" бабы бойынша бас бостандығынан шартты түрде айырылды. Ол көлік құралын басқару құқығынан да бір жыл мерзімге айырылды.

Бұған дейін республика бойынша жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандар санының Оңтүстік Қазақстанда көп екені хабарланған еді. 2011 жылы жол апаттарынан өңірде 482 адам қайтыс болса, 2012 жылы 538 адамның өмірі қиылған. 2013 жылдың үш айы ішінде облыс жолдарында 59 адам опат болды, оның ішінде, алты бала бар. Облыс прокуратурасының мәліметінше, 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан қайтыс болғандардың көбі - жаяулар. Жаяуларды қағып кету деректерінің 1010-ы тіркелген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети