Көлігімен ит сүйреген жүргізуші өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігімен ит сүйреген жүргізуші өз әрекетін түсіндірді видеодан үзінді

Полицейлер неліктен автокөлік иесінің итті жол бойымен сүйрегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер неліктен автокөлік иесінің итті жол бойымен сүйрегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Итке қатыгездік танытқан оқиғаның видеосы 30 наурызда Instagram әлеуметтік желісінде (қозғалып келе жатқан "Нива" көлігінің артында иттің өлігі сүйретіліп келе жатқан) жарияланған еді. 

"Жүргізушінің кім екені анықталды. Оның айтуынша, оған жергілікті тұрғындар өтініш білдіріп, тасжолда иттің өлексесі жатқанын айтқан. Осылайша ол өлексені көлікке жалғап, қоқыс тастау орнына жеткізіп тастаған. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр", - дедіАқмола облыстық ІІД өкілдері. 

Полицейлер Instagram желісінде жарияланған видеоға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі ("Жануарларға қатыгездiк жасау") бойынша сотқа дейінші тергеу шаралары жүріп жатқанын мәлімдеді.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети